Шымкентте биыл 13 286 оқушы мектеп бітіреді

Биыл Шымкент қаласы бойынша 11 сыныпты 13 286 оқушы және 9 сыныпты 21 777 оқушы бітіреді. 9-сынып пен 11 сынып бітіруші түлектерге арналған аттестаттарды сатып алу үшін бюджеттен 31 млн. 235 мың 674 теңге қаржы қаралып, бүгінде тапсырыс берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева айтты.

«Қалада 275 орта білім беру ұйымы бар, оның 272-сінде 259 147 оқушы білім алса, мемлекеттік 150 мектепте 206 177 оқушы, жекеменшік 122 мектепте 52 970 оқушы білім алады»,-деді ол.

Биыл қала бойынша мектеп бітіруші 13 286 түлектің 12 066-сы ҰБТ тапсыруға өтінім білдірген. Биыл Ұлттық біріңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ қатысушы түлектердің деректер базасына тіркелуі 2024 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында жүргізіледі. Қатысушыларға аталған уақыт аралығына дейін тестілеуге 2 рет өтініш беруге мүмкіндік беріледі.
2024 жылығы ҰБТ қаламыздың 695 орындық «U-Study» 3 (үш) аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі.

Сондай ақ, биыл 11-сыныпты бітіретін 13 286 оқушының 458-і «Алтын белгіге» үміткер санатына енген. Ал «Үздік аттестатқа» 11 сынып бойынша 641 оқушы үміткер болса, 9 сыныптар бойынша 1158 оқушы үміткерлер қатарына кірген.

Биыл алғаш рет 5,6,7,8,10 сыныпта оқитын 116 649 оқушы 27-30 мамыр аралығында қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Емтихан тапсырмасын орындау үшін 180 минут беріледі. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардан өткен тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес емтихан алынады. Сонымен қатар, биыл 9-10 сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2024 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында ана тілі, математика, қазақ тілі мен әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша өткізіледі.
Ал, 11-12 сыныптың білім алушылары үшін бітіру емтихандары 2024 жылғы 28 мамыр мен 11 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді. Емтихан пәндері; ана тілі, математика, қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша жүретін болады.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin