Шымкентте егде жастағы адамдарға ағылшын, араб тілдерін үйрететін орталық бар
Мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» филиалында болды.
Жалпы, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын қалыптастыру және дамыту, егде жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Қазіргі таңда бұл бірегей жоба егде жастағы адамдар арасында зор сұранысқа ие. Бүгінде Шымкентте осындай төрт орталық өнімді жұмыс істеуде.
Орталықта аға буын өкілдерімен әңгімелескен қала басшысы олардың жағдайын сұрап, ардагерлердің ұсыныс-тілектерін де тыңдады. Мұнда 100-ге жуық зейнеткер екі ауысымда арнаулы әлеуметтік қызметтер алады. Орталыққа келгеннен кейін олар алғашқы медициналық тексеруден өтуі керек.
Айта кетерлігі, мұнда қариялар үшін емдік дене шынықтыру және йога кабинеттері, би және фитнес залдары бар, ағылшын және араб тілдерінде сабақтар да өткізіледі. Мекемеде білікті мамандар, дәрігерлер, психологтар жұмыс істейді.
«ANYQ.KZ-ақпарат»