Шымкентте жол қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Биылғы жылы 12 орынға бағдаршам бекіту жоспарланған.
Сондай-ақ, қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылады. 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына қою және 3500 жол белгілерін орнату жоспарда бар. Жалпы қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда. Естеріңізге сала кетейік, қалада тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар шаруалар қолға алынған. Жаңадан бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. 2022 жылы 12 бағдаршам орнатылған. Сонымен қатар, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4000 дана жол белгісі орнатылды. 2021 жылы осы мақсатта қалада жалпы 12 бағдаршам орнату мен 12 белсенді жаяу жолаушылар өткелін салынды. Айта кетейік, 2020 жылы Шымкент қаласының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 15 бағдаршам орнатылған болатын. Осы аталған жұмыстар негізінде қала аумағындағы жол апаты саны азайды. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған түрлі жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл бойынша қала тұрғындары Шымкент қаласының ситуациялық орталығына хабарласын шағым қалдыра алады. Естеріңізде болса, Шымкент қаласының қауіпсіз жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 200 орынға 800 «Сергек» камерасы орнатылған болатын. 2022 жылы да қала аумағында құқық бұзуды тіркеуге арналған автоматты камералар желісін кеңейту бойынша 50 орынға 200 дана«Сергек» камерасын орнатылды.