Шымкентте жаңа сауықтыру орталығы ашылды

Бүгін Шымкент тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсететін «BEL MED» медициналық сауықтыру орталығының лентасы қиылды. Медициналық мекемеде бел-омыртқа, мойын жарығы, остехондроз ауруларын емдеуге басымдық берілген.

Қалада Шымкент тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсететін «BEL MED» медициналық сауықтыру орталығының дәрігерлері бел омыртқасының, мойын грыжасының, остеохондроздың ауруларын емдейді.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мулкеманов мұндай медициналық мекемелердің халық үшін қолайлы жағдай жасау үшін ерекше маңызы бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, қаламызда медициналық қызметтің сапасын жақсартуда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қызмет көрсететін емханалардың үлесі көп екенін тілге тиек етті.

– Жеке клиникалардың көптеп ашылуы бәсекелестіктің артуына, нәтижесінде медициналық қызмет сапасының жақсаруына ықпал етеді, — деді аудан әкімі Р.Мулкеманов.

Медициналық мекемеде 40 пациентке дейін күндізгі және тәулік бойы қызмет алу мүмкіндігі бар. Орталықта тұзды шахта, әйелдер және ерлерге арналған бассейн, массаж, емдеу кабинеттері және электрофорез бөлімдерінде 22 маман-дәрігер қызмет көрсетеді.

–Біздің өзге орталықтардан ерекшелігіміз – тракциялық емдеу. Бұл терапия бел, кеуде және мойын жарығы немесе протрузиясын емдеу ісінде таптырмайтын әдіс. Орталықтың бірінші қабаты күндізгі стационарға арналса, екінші қабатында науқастар дәрігер-невропатолог, физиотерепевтерден тәулік бойы ем алады. Алдағы уақытта МӘМС арқылы тұрғындарға ақысыз қызмет көрсетуді де жоспарлап отырмыз, — дейді «BELMED» медициналық сауықтыру орталығының бас-маманы, неврорпотолог-дәрігер Нұрсұлтан Қабатаев.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.