Шымкентте инклюзивті театр мамандары үшін практикалық шеберлік сыныптары өтті

Шымкентке «Действие Буквально» Алматы инклюзивті театрының әртістері келді. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы инклюзивті театр зертханасы. Труппа құрамында кәсіби әртістер, режиссерлер, музыканттар және «ерекше»  адамдар бар.

 

Біздің қаламызда Алматыдан келген қонақтар өздерінің білім беру бағдарламасының семинарын өткізді. Мұндай семинарды Шымкентте «Ерекше жол» қоғамдық қорының арқасында өткізу мүмкін болды. Оның өкілдері атап өткендей, қор инклюзивті театр идеясына қызығушылық танытып, оны қаламызда насихаттауға ниетті.

 

Үш күн ішінде бағдарлама жаттықтырушылары кәсіби инклюзивті труппа құру тәжірибесімен және психикалық даму ерекшеліктері бар адамдармен театр практикасы арқылы жұмыс істеу құралдарымен бөлісті. Яғни, Даун синдромы, аутизм, церебральды сал ауруы бар адамдар кәсіби актерлермен бірге немесе онсыз ойнайтын спектакльдерді өалай құруға болатынын түсіндірді.

 

«Біздің зертханананың жұмыс жасап келе жатқанынаи жеті жыл болды», — дейді  инклюзивті театры зертханасының кураторы драматург Ольга МАЛЫШЕВА.

 

Семинарды ұйымдастырушылар театр мамандарына, денсаулығының психикалық ерекшеліктері бар адамдарды дамытумен айналысатындарға және тікелей осындай адамдарға арналған практикалық шеберлік сабақтарын көрсетті.

 

«Бұл даму ерекшеліктері бар адамдар үшін өте пайдалы іс — шара», — деп есептейді «Ерекше жол» Шымкент қорының басшысы Роза БЕРКЕШЕВА.

 

— Біздің қорды ерекше балалардың 400 ата-анасы ұсынады. Біз Шымкентте насихаттауға ниет білдірген инклюзивті театр идеясымен жандандық. Нәтиже бар!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий для Аноним Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.