Шымкентте кептелісті азайту мақсатында Өтегенов көшесінің жалғасы ашылды

Шымкентте Өтегенов көшесінің 1 және 2-кезеңдерінің құрылысы аяқталып, Сырым батыр көшесімен қиылысы арқылы көлік қозғалысы ресми түрде ашылды. Бұл жол қала тұрғындары үшін өте маңызды, себебі енді қаланың солтүстік бөлігінен (Бозарық, Шымсити, Асар, Асар-2 шағынаудандары) орталыққа тікелей қатынау мүмкіндігі пайда болды.

Өтегенов көшесінің ашылуы Бәйдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылысындағы көлік кептелісін азайтуға да ықпал етеді. Жол «Шымкент Сити» шағынауданынан Төлеметов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын 4 жолақты бұл көшеде аяқжол, ирригациялық арықтар, көше жарықшамдары және бағдаршамдар орнатылған.

Еске сала кетейік, Бәйдібек би даңғылы – қаладағы көлік ағыны жоғары негізгі магистральдардың бірі. Кептелістерді азайту мақсатында, осы даңғылға балама ретінде Өтегенов көшесі көлік қозғалысы үшін қолжетімді болып отыр.

Сонымен қатар, көше қиылыстарындағы интеллектуалды көлік жүйесіне ITS қосылмаған бағдаршамдарда секундомерлердің кері есебі қайта орнатылып жатқанын да айта кету керек.

Еске сала кетейік, Шымкентте автомбиль жолдарын бақылау жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Шымкент қаласында мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен жолдың құрылыс сапасын бақылау және жақсарту мақсатында Шымкент қаласының автомобиль жолдарын кешенді тексеру және техникалық есепке алу, жол мәліметтерінің электронды базасын құру және жолды бақылау жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3897 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен жолдың құрылыс сапасын бақылау және жақсарту мақсатында Шымкент қаласының автомобиль жолдарын кешенді тексеру және техникалық есепке алу, жол мәліметтерінің электронды базасын құру және жолды бақылау жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа зерттеу түрі қала жолдары мен нысандарының техникалық жағдайын талдауға, оларды паспортизациялау мен диагностикадан өткізуге, әрі бұл мәліметтерді жол деректерінің электрондық базасына енгізуге мүмкіндік береді. Автомобиль жолдарын паспортизациялау жол құрылыстарының ұзындығы мен техникалық сипаттамалары, инженерлік жабдықтар мен жол жағдайы туралы объективті мәліметтер алу мақсатында жүргізіледі.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin