Шымкентте көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бағытында жұмыс жасалуда

2024 жылдың 5 айында Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментімен 57 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліп, өндіріспен 35 қылмыстық іс аяқталып, бүгінде істің 90 пайызы сотқа жолданып отыр.

Бүгінгі таңда қаламыздағы көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытында нақты көрсеткіштер және нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз.

2024 жылдың 5 айында аталған бағытта қала аумағында жасырын 5 цех анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233 бабымен 5 қылмыстық іс тіркелді, тергеу нәтижесімен 4-і сотқа жолданды (қазіргі таңда сот қарауында), 1 іс өндірісте.

Қылмыстық істер бойынша 22 мыңнан аса дайын алкоголь өнімдері, 2 мың литрден аса құрамында спирті бар сұйықтық, 9 900 литр спирт, 885 литр вино, 140 қорап қақпақ, есепке алу маркалары – 4 рулон, этикетка – 20 рулон, станок – 2 дана, филтр 4 дана, 2000 нан аса бос бөтелке тәркіленіп алынған.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қылмыстарды анықтаумен қатар, қала аумағында профилактикалық және превентивті жұмыстарды жүргізеді.

Департамент қала аумағында орналасқан дүкендерге, сауда орталықтарына заңсыз алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу бойынша ескерту хаттарын беру жұмысы жүргізіп, жыл басынан 58 дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №589 қаулысымен «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары» бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес, қала әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі Өкімімен, көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі жұмыс тобы (комиссия) құрылған.

Комиссияның мақсаты: Шымкент қаласындағы көлеңкелі экономикамен күрес, оның деңгейін төмендету және превентивті шаралар қабылдау болып табылады.
Департаменттің жұмысы қылмыстардың санымен емес сапа жағына ауыстырылған, қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпау – басты міндеттер болып саналады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin