Шымкентте науқасқа бір мезетте бірнеше күрделі ота жасалды

Шымкент қаласындағы №2 қалалық ауруханада 73 жастағы науқасқа бір мезетте бірнеше күрделі ота жасалды. Бұл аса күрделі медициналық ота жоғары білікті нейрохирург Еркін Медетовтың жетекшілігімен жасалды.

Алдымен дәрігерлер науқастың миындағы үлкен ісікті микрохирургиялық аппараттың көмегімен алып тастады. Бұдан кейін омыртқааралық диск жарығын жою және омыртқаны бекіту операциялары жасалды. Мұндай күрделі оталар жоғары технологиялық мамандандырылған хирургиялық емдеу түріне жатады. Операциялар толықтай сәтті өтіп, науқас қазіргі уақытта дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

№2 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесі ашылғаннан бері 100-ден астам науқасқа күрделі ота жасалған. Бұл бөлімшеде түрлі көлемдегі ми ісіктерін алып тастау бойынша жоғары технологиялық ота түрлері жасалады. Сонымен қатар, ми тамырларындағы аневризмалар мен омыртқа патологиялары да емделеді. Барлық медициналық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмектің кепілдік көлемі шеңберінде көрсетіледі.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin