Шымкентте орман тұқымбағындағы ағаш тұқымын жинау жұмыстары жалғасуда

Шымкентте орман тұқымбағындағы ағаш тұқымын жинау жұмыстары жалғасуда,-деп хабарлайды Anyq.kz ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қыркүйек-қазан айлары күзгі жиын-терім жұмыстары қызып тұратын шақ екені бәріне белгілі.  Ауылшаруашылық саласы қызметкерлерімен қатар орманшылар да күзгі тұқым жинау жұмыстарына қызу кірісіп те кетті.

Жұмысшылар бұл жолы емен және гледичия ағашының тұқымдарын жинап жатыр. Айта кету керек, тұқымбақтағы орман шаруашылығында 11 адам жұмыс істеуде.

Жалпы бүгінге дейін 200 кг өрік (абрикос), 150 кг бадам, 300 кг емен жаңғағы, 20 кг шабдалы, 5 кг алмұрт ағашының тұқымы жиналды. Сондай-ақ, 8,2 га орман тұқымбағына гибискус бұта тәріздес ағашының қаламшалары егуге дайындалды.

Орманшылардың айтуынша, қазір ауа-райы қолайлы. Жоспарды өз уақытында орындауға толық мүмкіндік бар. Қыркүйектің ортасынан қазанның ортасына дейін тұқым жиналса, қазанның 20-нан кейін егу жұмыстары басталады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.