Шымкентте орман қорларына тәулік бойы ғарыштық мониторинг жүргізіледі

Шымкент қаласы бойынша өрт қауіпті кезеңде орман аэровизуалды бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған 5 дана пилотсыз ұшу аппараттары дайындыққа келтірілген.
«Казавияқұтқару» АҚ-ның тікұшақтарымен су алу үшін Бадам, Тогуз, Ақжар, Текесу су қоймалары су айдындарының кординаттары бекітілен.
Департаментте ашық ғаламтор желісіндегі «Қазақстан Ғарыш сапары» сайты арқылы орман қоры аумағына тәулік бойы ғарыштық мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде табиғи және техногенді сипаттағы өрт орын алған кезінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар және Шымкент қаласының полиция Департаментімен, сондай-ақ қала аумағындағы әскери бөлімдермен өзара әрекет ету іс-қимыл жоспарлары бекітілген.

Бірінші жарты жылдық профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу жоспарына сәйкес, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ-не наурыз-сәуір айларында профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктерді жою туралы нұсқама ұсынылды.
2024 жылдың 15 – 16 мамыр аралығында Республикалық «Өрт – 2024» командалық – штабтық оқу – жаттығу аясында барлық мүделлі мекемелерді тарта отырып 1 Республикалық 4 аудандық кіріспе негізінде шартты орман өрттерін өшіру бойынша оқу жаттығу өткізілді.

Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 4 мың 826 га, құрайды. Оның ішінде орманды алқабы 2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрап отыр.

Қаламыздағы орман қорын өрттен қорғау мақсатында екі шаруашылықтың балансында, жалпы 4 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, 14 бірлік бейімделген техника және 279 өрт сөндіру құралдары мен 6 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен 20 жеке құрамы дайындыққа келтірілген.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы кәсібилікті арттыру үшін 2024 жылдың қаңтар-ақпан айлар аралығында ҚР ТЖМ Шымкент қалалық оқу орталығында орман шаруашылығы мекемелерінің 15 қызметкерлері оқудан өткізілді. Қаладағы шыққан өртті уақытылы анықтау мен бақылау үшін екі орман шаруашылығы мекемелерінің теңгерімінде 5 дана бақылау мұнаралары, сондай-ақ Бадам орман шаруашылығы мекемесінде 1 дана фото және бейне-түсіру мүмкіндіктері бар пилотсыз ұшу айровизуалды аппараты бар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin