Шымкентте орман қорын өрттен қорғау мақсатында 20 жеке құрам дайындыққа келтірілді

Өкінішке қарай, елімізде соңғы жылдары өрт оқиғасы жиілеп кетті. Мәселен, Шымкент қаласында жыл басынан бері 93 өрт тіркелген. Бұл сандар былтырғы жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен. Материалдық шығын 247 млн. 555 мың теңгені құрайды. Ал, тұрғын үйлер мен көліктердің жану жағдайлары бойынша 289 оқиға орын алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде кеңінен айтылды.

Жиында алғашқы болып сөз алған Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Эльмира Ережепованың айтуынша, өрт оқиғасының шығу себебі тұрғындардың салғырт қарауынан. Қазіргі таңда көпқабатты үйлерден шығатын өрттердің басым көпшілігі газ және түрлі техникалардың қосылып қалуы, электр жүйелерінің қысқа тұйықталуы сияқты мәслелермен жиі кездеседі.

Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе «2024 жылдың өрт қауіпті маусымында Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету іс-шаралар туралы» жоспары әзірленіп бекітілді.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 4 мың 826 га, құрайды. Оның ішінде орманды алқабы 2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрап отыр.

Қаламыздағы орман қорын өрттен қорғау мақсатында екі шаруашылықтың балансында, жалпы 4 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, 14 бірлік бейімделген техника және 279 өрт сөндіру құралдары мен 6 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен 20 жеке құрамы дайындыққа келтірілген.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы кәсібилікті арттыру үшін 2024 жылдың қаңтар-ақпан айлар аралығында ҚР ТЖМ Шымкент қалалық оқу орталығында орман шаруашылығы мекемелерінің 15 қызметкерлері оқудан өткізілді. Қаладағы шыққан өртті уақытылы анықтау мен бақылау үшін екі орман шаруашылығы мекемелерінің теңгерімінде 5 дана бақылау мұнаралары, сондай-ақ Бадам орман шаруашылығы мекемесінде 1 дана фото және бейне-түсіру мүмкіндіктері бар пилотсыз ұшу айровизуалды аппараты бар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin