Шымкентте полиция бөліміндегі күдіктінің өліміне байланысты полицияның лауазымды тұлғаларына қылмыстық іс қозғалды

Бұл жайында Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов Facebook парақшасында жазды.


«Ұсталғандардың автокөлігінен көлік ашуға арналған техникалық құралдар, радиостанциялар, маңдайшамдар мен қолғаптар табылып, тәркіленді. Күдіктілерді ұстау кезінде полиция қызметкерлері дене күшін қолданған. Күдіктінің біреуі ғимаратта өзін нашар сезініп, жедел жәрдем келген уақытта медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын нақтылаған»,-деді Е.Жумаханбетов.

Сондай-ақ, полицияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, объективтілік мақсатында арнайы прокурорлар департаменті тергеп жатқандығын жеткізді. «Осы факті бойынша жүргізілген қызметтік тергеу ұстауға қатысқан қызметкерлер және олардың іс-әрекетіне бақылауды қамтамасыз етпеген басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, олардың қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі»,-деді ол.

Істің бүкіл мән-жайын анықтау үшін Шымкент қаласына ІІМ-нен министрдің орынбасары бастаған комиссия келді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында автокөлік құралдарын ұрлады деген күдікпен ұсталған 1990 жылғы азамат полиция бөлімінде көз жұмған болатын.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. After I originally commented I appear to have clicked the -Notify me when new comments are added- checkbox
    and from now on each time a comment is added I receive four emails with the
    same comment. Perhaps there is an easy method you are able
    to remove me from that service? Kudos!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.