Қазірде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы спорт нысандары. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Саменбекұлы баяндады.
Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылып, 18 490 спортшы мен штаттағы 912 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.
Айта кетейік 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес, 9 ұлттық спорт түрлері. Спортшылар: олимпиадылық спорт түрлері – 12481, қысқы спорт түрлері — 338, олимпиадалық емес спорт түрлері – 4008, ұлттық спорт түрлері – 1322, мүгедектігі бар спортышалар – 341 (пара-72, сурдо-153). Жаттықтырушылар:олимпиадалық спорт – 638, ұлттық – 69, олимпиадалық емес — 182, мүгедектігі бар — 23.
2024 жылдың 6 айында жоғары спорттық жетістіктер бойынша нәтижелеріне келер болсақ, қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып 502 алтын, 406 күміс, 522 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 1450 медаль. Азия чемпионаттарында: 55 алтын, 34 күміс және 31 қола. Әлем чемпионаттарында: 9 алтын, 9 күміс,2 қола (жалпы 20 медаль) медальға ие болған.
Әлем кубоктарында: 13 алтын, 11 күміс, 11 қола (жалпы 35медаль) медальға ие болды. 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша: 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 13 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 46 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 278 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Маратбек Саменбекұлының айтуынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына ересектер құрамасына 423, жастар құрамасына 461, жасөспірімдер құрамасына 400 спортшымыз енген. Жалпы 1284 спортшы Ұлттық құрама сапында еліміздің намысын қорғайды. Париж қаласында өткен ХХХІІІ Жазғы Олимпиадаға Шымкент қаласының атынан 12 спортшымыз лицензия ұтып алды. Алайда нәтиеже ойдағыдай болмады. Бұл спортшылардың соңғы Олимпиадасы емес екенін айтып өтті.