2024 жылдың 8 айында Шымкент қаласы бойынша экология департаменті қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді жұмыс атқарып, қаланың экологиялық ахуалын бақылауда ұстауда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы — Қозыбаев Ермахан Тастанбекұлы баяндады.
Департаменттің негізгі міндеті – қала тұрғындарының арыз-шағымдарын қарау және әлеуметтік желілердегі экологияға қатысты жарияланымдарға назар аудару.
Департаментінің басшысы — Қозыбаев Ермаханның атуынша, департамент осы жылдың 8 айында 23 тексеру жүргізген. Оның ішінде 7 профилактикалық бақылау, 6 талаптарға сәйкестікті тексеру және 10 жоспардан тыс тексеру орындалды. Бұл тексерулер нәтижесінде жалпы 55 әкімшілік іс қозғалып, 48 іс бойынша 170,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қазіргі уақытта бір іс сот қарауында болса, тағы екі іс Шымкент қалалық Полиция департаментіне жолданған.
Департаменттің хабарлауынша, ең күрделі экологиялық оқиғалардың бірі 2024 жылдың 27 шілдесінде орын алған. «KMG Supple Company» ЖШС-не тиесілі аумақта 5000 қап техникалық күкірт өртеніп, нәтижесінде күкіртсутегі мөлшері ауада қауіпті деңгейге жеткен.
Сонай ақ, экологиялық заңбұзушылықтарды жою туралы 24 нұсқама беріліп, бірнеше іс сотта қаралуда. Мамандардың айтуынша, қаладағы өндірістік орындар мен тұрғындардың экологиялық нормаларды сақтамауы қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Тиісті талапты сақтамаған нысандарға 170 млн тенге айыппұл салынды.
Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, полиция департаментімен бірлескен шаралар нәтижесінде, 125 автокөлік тексеріліп, 50 көлік ауаны нормадан тыс ластағаны үшін жауапкершілікке тартылған.