Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы — Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы өзі басшылық етіп отырған басқарманың құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды қатаң бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.
«Жыл басынан бері 645 құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама тіркелсе, оның ішінде 81-і бюджет қаражатымен, 564-і жеке қаржыландырумен жүзеге асқан», — деді ол.
Құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне қатысты 781 өтініш қаралды, оның 189-ы оң шешім тапты. Сонымен қатар, басқарма жыл басынан бері 130 нысанда тексеру жүргізді, нәтижесінде 96 нысанға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Басқарма заңсыз құрылыстарды бақылауды күшейтіп, 205 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 51,9 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Қазірге дейін 37,6 млн теңгесі өндірілді. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарындағы заңсыз құрылыс объектілері бойынша да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар салынған.
Құрылыс сапасына қатысты да 19 нысан бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар өндірілген. Сонымен қатар, үлестік қатысу заңнамасын бұзған 9 тұрғын үй кешеніне де айыппұл салынған.
Шымкент қаласының билігі құрылыс саласындағы тәртіпті нығайтуға және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.
Мерлан Әбдірахманұлының айтуынша, Қалада құрылыс жұмыстарын заң талаптарына сай жүргізу күшейіп, 2024 жылы лицензия алу бойынша 609 өтініш қаралып, 76 лицензия берілген. Сонымен қатар, сарапшылық жұмыстарды орындау үшін 43 сарапшыға аттестат берілді, бұл құрылыс сапасын арттыруға көмектесуде.
Сондай ақ, қаланың кондоминиум нысандары «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне толықтай енгізіліп, техникалық паспорттар цифрландырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқаруды жеңілдетуге және айқындылықты қамтамасыз етуге септігін тигізуде.
Жалпы, Шымкенттегі бұл реформалар қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді арттырып, құрылыс және тұрғын үй саласындағы басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруде.