Шымкентте өткен тәулікте коронавирустан 3 адам емделіп шықты

Өткен тәулікте Шымкентте коронавирус инфекциясы бойынша 23 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта коронавирустан 76 адам ем қабылдап жатыр.


Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 жылдан бері коронавирус жұқтырғандар саны 928 адамға жетті. Оның 228-ы ауруынан айыққан.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бері 172 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған болса, оның 155-і жазылған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Бұл ретте медицина мамандары карантин режиміне сәйкес санитариялық-эпедемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертеді.

Айта кетейіік, 2020 жылдың 24 наурызынан 17 наурыз дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6 417 жағдайы тіркелді. (3 282 симптомды, 3 135 симптомсыз). 5643 адам емделіп шықса, 94 адам көз жұмған. Қазіргі таңда КВИ-мен 69, ЖРВИ-мен 140, пневмониямен 15 науқас ем қабылдап жатыр.

Ал, 1 тамыздан 17 наурызға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды — U07.2) пневмонияның 1473 жағдайы тіркелген. Бүгінгі күні қалада 1 060 төсек — орын бар (жұқпалы — 560, карантин — 500), оның 834 төсек – орны бос.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.