Шымкентте өңірлік кадр резервіне 30 үміткер таңдалды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірлік кадр резервіне іріктеудің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қадырбеков Қанат Керімханұлы өңірлік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды баяндады.

Шымкент қаласында өңірлік кадр резервіне іріктеу 7 салалық бағыт бойынша жүргізілді: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология. Цифрландыру бағыты бойынша үміткерлер анықталмағандықтан, қалған 6 бағыт бойынша 30 үміткер іріктелді.

  • Индустрия және өнеркәсіп: 6 адам (20%)
  • Экономика және қаржы: 6 адам (20%)
  • Әлеуметтік сала: 13 адам (43,3%)
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым: 3 адам (10%)
  • Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары: 1 адам (3,3%)
  • Экология: 1 адам (3,3%).
  • Іріктелгендердің құрамында: ерлер: 25 (83,3%), әйелдер: 5 (16,7%), жасы ең үлкені: 35, жасы ең кіші: 25.

Мемлекеттік қызметшілер: 19 (63,3%), оқытушылар: 4 (13,3%), жеке сектордан: 3 (10%), қоғамдық бірлестіктерден: 2 (6,7%), дәрігер: 1 (3,3%), азаматтық қызметші: 1 (3,3%).

Бұл іріктеу өңірлік басқарудың жаңа буынының қалыптасуына жол ашып, мемлекеттік қызметте талантты жастардың өз мүмкіндіктерін көрсетуіне мүмкіндік береді.

Тілге тиек етейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биыл алғаш рет өңірлік кадр резерві жасақталуда. Бұл жобаның мақсаты – өңірлердегі жас басқарушылар пулын қалыптастыру және мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту. Іріктеуді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүзеге асыруда, ал іріктеу процесі 2024 жылдың 1 наурызында басталды.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin