Шымкентте 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтемек

Жергілікті әскери басқару органдарында ер азаматтарды әскери шақыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру кезеңінде шақырылушылар мен олардың ата-аналарымен Отан қорғау, Конституциялық борыш, әскер қатарына жөнелту дайындығы мен әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер жөнінде сұхбат жүргізіліп, түсіндірме жұмыстарын қоса жүргізуде.

– Әскер – жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әрбір ер адам қауіп төнген сәтте өз отбасы мен Отанын қорғауға дайын болуы керек. Ал болашақ жауынгерлердің әзірліктерін көтеру, Отан қорғайтын батыр, рухы мықты сарбаздарды дайындау — бізге жүктелген міндет,-дейді комиссариаттағылар.

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы маңызды міндеттердің бірі —Отан алдындағы борышты өтеу. Бұл — әр азаматтың абыроймен атқаратын міндеті. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы, көк аспанымыздың жарқырауы — сіздерге байланысты. Сіздер әскери міндетті адал орындау арқылы кейінгіге үлгі боласыздар. Әскери борышты өтеу — сіздер үшін үлкен сын. Сол сыннан сынбай, ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп, абыроймен оралатындарыңызға сенім мол, — дейді олар.

Қарулы күштер сапында қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мұны жете түсінген жігіттер Отан алдындағы борыштарын атқаруға дайын.
Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының мәліметінше, былтыр екі ауданнан 345 азамат Отан қорғауға аттанған. 2023 жылы әскери шақырылымға 310 азаматты жөнелту жоспарланса, оның 307-і (Еңбекші – 213, Қаратау — 94) әскери борыштарын өтеуге аттанды. Ал Тұран ауданында 7 азамат әскерде борышын өтеуде.

Айта кетейік, сарбаздар бірінші кезекте ҚР Қарулы күштер, ҚР Ұлтық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, ҚР Ұлттық Ұлан қызметіне, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметіне, ҚР ТЖМ әскери бөлімдеріне жіберіледі.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.