Шымкентте IT қауымдастықтың дамуы қарқын алып келеді

Өткен жылы шаһарда қала әкімдігінің қолдауымен «Shymkent HUB» технологиялық паркі іске қосылған болатын. «HUB-тың» басты мақсаты – IT экожүйесін дамыту, цифрландыру дағдыларын енгізу, оның технологияларын дамыту, жалпы көпшілікті осы салаға қызықтыру.

Былтыр «HUB-та» IT-қауымдастықты дамытуға және аймақтағы стартап жобаларды қолдауға бағытталған 72-ке жуық іс-шара өткізіліп, 2 хакатон, жоғары деңгейде форумдар ұйымдастырылды. 2030-ға жуық келуші тіркелген. Қала тұрғындарына арналған 200-ден астам білім бағдарламалары курсы ашылды. Орталық өңірдегі талантты жастарды қолдап, олардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасайды.

2025 жылы орталықта 120-ға жуық іс-шара өткізу, кемінде 1 инкубациялық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1 хакатон өткізу және 5 стартап шығару мақсаты қойылды. Таяуда IT саласындағы қыздарға арналған «Tech Dames» қауымдастығы ашылып, жұмысын бастады. «Shymkent Hub-тың» негізінде құрылған «Tech Dames» клубы – идеяларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуға арналған алаң.

Сондай-ақ, 2025 жылы жоба менеджерлеріне, басқарушыларға арналған клуб ашу жоспарда тұр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin