«Отбасы банк» QAMQOR бағдарламасына құжат қабылдап жатыр. Биыл тоғыз сала бойынша мамандар баспана алу үшін өтінім тастай алады. Былтыр іске қосылған бағдарламада биыл біраз өзгеріс бар.Үміткерге қойылатын талап та жеңілдетілген.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 5 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ «Отбасы банк» 3 миллиард теңге бөлген. Бұл сома 400-ден аса тұрғынды баспанамен қамтуға бағытталып отыр.
Бағдарламаға журналистер, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, коммуналдық сала мамандары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатыса алады. Банк биыл тағы бір сала өкілдерін тізімге қосыпты.
«Оның ішінде салалар тоғыз сала. Білім, спорт, энергетика, төтенше жағдай министрлігінің азаматтық қорғау департаменті кіріп отыр биылға жаңалық. Былтырға қарағанда жеңілдетілген»,-дейді «Отбасы банк» ШҚФ бизнес дамыту басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Жаппаров.
Айта кету керек, бағдарламаға қатысушы үміткер 63 жасқа дейінгі азаматтар(ша), соңғы 5 жылда тұрғын үйі болмаған, Шымкент қаласында тіркелген болу керек.
Ал Шымкенттік тұрғындар болса QAMQOR бағдарламасына құжат тапсыруды 30 қыркүйеткен бастап кетті. Биыл үміткерлерге 20 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз. Алғашқы жарна 10 процент. Несие 25 жылға дейін беріледі.
Өтінімдерді қабылдау otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында 30.09.2024 сағат 16:00 — 28.11.2024 жылы сағат 18:00 дейін жалғасады.
Айтпақшы «Qamqor» бағдарламасына қатысушы банк клиенті болуы шарт және ондағы депозитте 1 миллион теңге қаржы сақталуы қажет.
Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда қарыз алушының жауапкершілігі және Банктің құқықтары туралы ақпарат банктің ресми сайтында www.hcsbk.kz орналастырылған