Шымкенттік 18 мыңнан аса оқушы «Такер» тестінен өтті

Шымкент қаласының жасөспірімдері арасында құмар ойындарға тәуелділікті анықтауға арналған «Такер» тестіне 9-11 сынып оқитын 18 мыңнан астам оқушы қатысты. Оның 13 мыңнан астамы жасыл аймақты көрсетті. Бұл компьютерлік ойындарға қарсы әрекеттің белгісі, ал сары аймаққа 19,6 пайыз, қызыл аймаққа 2,8 пайыз бала түскен.

Осы орайда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық Білім басқармасы, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдіктері және психологиялық орталықтар бірлесіп, кәмелет жасқа толмағандардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауда арнайы жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамында 56 мүше бар. Олар ата-ана құқығынан айыру, бейімдеу немесе девиантты балалар орталығына жіберу, кешкі мектепке орналастыру және білім беру ұйымдарының есебін тыңдау негізінде жұмыс істейді.

Сондай-ақ Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында 320-дан астам тәрбие жөніндегі орынбасар, 170-ке жуық әлеуметтік педагог және 270-ке жуық педагог-психолог қызмет атқаруда.

Барлық білім беру ұйымдарында медиация кабинеттері ашылған, тәрбие жұмысын дамыту мақсатында «Ата-аналар академиясы» бекітілген. Ал білім басқармасы жанынан психологиялық-педагогикалық қызмет, тәрбие беру орталықтары құрылған. Тelegram желісіндегі чат пен сенім телефондары тұрақты түрде жұмыс жасауда.

Айта кетейік, Шымкентте биыл тоғызыншы сыныптың 21 485 оқушысы және он бірінші сыныптың 11 653 оқушысы оқуын аяқтайды. 1 маусымда тек 9, 11 сынып түлектері үшін салтанатты жиындар өтіп, соңғы қоңырау соғылады.

11-сынып түлектеріне мемлекеттік үлгідегі аттестат 20-22 маусымда тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.