Шымкенттік 4378 педагог ұлттық біліктілік тестілеуге барады

«ҚР заңнамасына сәйкес педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар бес жылда бір рет аттестациядан өтуге міндетті деген дүние де бар.


Мерзімінен бұрын да аттестациядан өтуге болады. Оған қоса, жалпы орта білім және арнайы білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін педагог қызметкерлер жаңа форматтағы аттестаттау жүйесі бойынша ұлттық біліктілік тестілеуден өткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласы бойынша барлығы- 4378 педагог ұлттық біліктілік тестілеуге барады деп жоспарлануда. Жалпы орта білім беретін мектептен 3526 ұстаз, мектепке дейінгі мекемелерден 474 болса, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері – 378 оқытушы өзінің біліктілігін айқындамақ.

 Аттестаттаудың жаңа жүйесінің ерекшеліктері қолданыстағы санаттарға эквивалент ретінде ендірілген. Педагог-модератор 30 пайыз (ІІ санат), педагог-сарапшы -35 пайыз(І санат), педагог-зерттеуші-40 пайыз (жоғары санат), шебер-50 пайыз (жоғары санат) айлық жалақылары өседі.

Біліктілік санаттарын беруүшін аттестатталушы адамдарды кезекті аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеуінен өткен кезде ғана, яғни оң нәтиже көрсеткен аттестатталушы адамдар аттестаттаудың екінші кезеңіне өтеді. Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесі бір жылға дейін жарамды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.