Шымкенттің халықаралық деңгейде танылуына жаңа серпін беретін келісімдер жасалды

Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында туристік саланы да қозғады. Туризм жобаларын жүзеге асырғанда табиғатқа зиян келтірмей, экологияны барынша сақтау маңызды екенін ерекше атап өткен болатын. Еліміз географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасса да бұл салада әлі де қарқын жоқ. Туризмге тың серпін беру үшін ең алдымен инфрақұрылым мәселесі мен қызмет сапасын түбегейлі шешу керек.

Шымкент биылдың жартждылдығында туристердің ең көп қабылдаған өңірлердің бестігіне еніп, тізімде үшінші орын алды. Туризм индустриясы комитеті мамандарының айтуынша, Шымкент қаласы шетелдік және жергілікті туристер арасында ең танымал бағыттардың біріне айналып келеді. Шымкенттің әлемде экономикасы дамыған елдермен іскерлік байланыстары да нығайып келеді.
Dananews.kz ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Шымкент қаласы сыртқы байланыстарды нығайту мақсатында бүгінде 15 қаламен бауырластық қатынас орнатты. Оның ішінде: Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенейдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гроссетто, Эскишехир, Адана, Генуя, Сиань, Балыкесир, Ош және Ванадзор қалалары.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы сыртқы байланыстарды нығайту бойынша жыл басынан бері 52 кездесу ұйымдастырылды. Оның ішінде: Ресей, Түркия, Қытай, Франция, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Италия, Индия, Япония, Австралия, Бельгия, Қырғызстан, Чехия және Тәжікстан мемлекет өкілдерімен және жеке сектор компанияларымен кездесу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының 50 мың дана туристік карталары мен бүктемелері (3 тілде: қазақша, орысша, ағылшынша) туристік сектордағы кәсіпкерлер нысандарына таратылды. Туристік карталар мен бүктемелер жыл сайын шыгарылады және аталған ақпараттық материалдар  туристік операторларға, гидтерге және қонақ үйлерге қойылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 шілдесінен бастап әр сенбі күні креативті индустрия өкілдерін қолдау мақсатында, Арбат жаяу жүргіншілер аумағында жәрмеңке ұйымдастырылды. Басты мақсат: Шымкент қаласында креативті индустрия кәсіпкерлеріне қолдау көрсету. Сонымен қоса, аталған сала өкілдерін монетизацияға шығару, көлеңкелі саудадан шығару және Шымкент қаласының креативті өнімдерін қалыптастыру болып табылады. Іс-шара қаладағы жастар және қала қонақтары үшін өте маңызды шара қатарына айналды.

Жуырда Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасының бас Консулдығының қолдауымен туристік форум-көрме өтті. Бұл шарада Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері түркиялық туристік операторларға кеңінен таныстырылды. Форумға Түркияның 100-ден аса туристік агенттіктері мен сала мамандары (ТУРСАБ) қатысты. Кездесуде екі ел арасындағы туристік ағынды арттыру, жаңа бағыттарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту басты тақырып болды. Шымкенттің киелі жерлері, соның ішінде «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелері ерекше атап өтіліп, осы бағыттағы рухани туризмнің әлеуеті жоғары екені айтылды. Рухани туризмнің бастау алатын маңызды нүктесі ретінде Шымкент ұсынылып, қаладағы туристік маршруттар егжей-тегжейлі көрсетілді. Форум аясында В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде Шымкентке Түркиядан келетін туристер ағынын арттыру мақсатында 5 ірі туристік операторлармен ынтымақтастық орнатылды. Бұл келісімдер екі ел арасындағы туризмнің дамуына және Шымкенттің халықаралық деңгейде танылуына жаңа серпін береді. Алдағы уақытта Шымкент қаласы рухани туризмнің орталығы ретінде шетелдік туристер үшін тартымды орындардың біріне айналмақ.
Айта кетейік, бірінші жартыжылдықта мегаполиске  252 919 турист келген.  Екінші орынды 677 218 турист қабылдаған  елорда алды.  Ал бірінші орында Алматы қаласы (1 070 358 турист келген).  Туризм индустриясы комитеті мамандарының айтуынша, Шымкент қаласы шетелдік және жергілікті туристер арасында ең танымал бағыттардың біріне айналып келеді. Жоғарыда келтірілген 252 919 туристің 237 163-і отандық туристер болса, 15 756-сы шетелдік азаматтар. Қаладағы қонақ үйлер мен отельдер жарты жылда 5,3 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin