Шымкент: АГРС-3 нысаны жыл соңына дейін іске қосылады

Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды.


Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы станциялары 100% жұмыс атқаруда.
 
Шымкетте коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 92,1% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 процентке жететін болады.
 
Бүгінгі күні «StroyGazCompany» ЖШС «Автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3) өткізу қабілеті 250000 м3 /сағ болатын объектінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
 
АГРС-3, магистралды Қайнарбұлақ және Асар-2, Алтынтөбе шағын ауданы, Достық шағын ауданы мен Бадам (195 орам), Асар-2, Азат шағын аудандарында барлығы 8 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады.
АГРС-3 нысаны жыл соңына дейін іске қосылып, тұрғындарды сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. Hello! Do you know if they make any plugins to assist
    with SEO? I’m trying to get my website to rank for some
    targeted keywords but I’m not seeing very good results.
    If you know of any please share. Thank you! I saw similar article here: Link Building

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.