Шымкент: АИТВ індетін жұқтырған әйелдерден дені сау 686 сәби дүниеге келген

1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Дүниежүзілік науқан аясында 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңдаңыз» ұранымен жиындар ұйымдастырылады. Ғасыр індетінен сақтану үшін, ақпараттық сауаттылықта аса маңызды рөл атқарады. Осы ретте, дәстүрге айналған онкүндік іс-шаралар Шымкент қаласында басталды. Қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесе жоспарланған жиынға студенттер мен білікті дәрігерлер қатысты.

Жалпы, Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында 1881 науқас диспансерлік есепте тұр. Оның 1834-і антиретровирустық ем алуда. Олардың 90 пайызы вирустық супрессия деңгейінде. Осы ретте, емделушілердің дұрыс нәтиже көрсетуі үшін емдеу шаралары заманауи препараттармен біріктіріле жүзеге асырылады. Сондай-ақ, емделушілерге тағы бір қолайлы тұсы күніне бір реттік дәріні ғана қабылдайды екен.

Заманауи техникамен жабдықталған бұл орталықта АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың иммундық жағдайын оның ішінде ауырлық дәңгейін, басқа да аурулардың болуын, антиретровирустық терапияны анықтайды. Орталықтың зертханасында жабдықталған жаңа, жоғары технологиялық цитометрді – пайдалану арқылы барлық зерттеулер жүзеге асырылады. Цитометрді тек АИТВ-мен ауыратын науқастар ғана емес, басқа иммун тапшылығы жағдайында, аутоиммунды, аллергиялық патологияларда, онкологиялық ауруларда диагностикада қолдануға болатын көрінеді.

– Зертханалық тәжірибеге соңғы жаңа зерттеу әдістерін енгізу клиникалық диагнозды айтарлықтай жақсартуға және емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Заманауи анализатордың көмегімен алынған пациенттердің иммундық жағдайын зерттеу нәтижелері дәрігерлерге науқастың жағдайы туралы толық клиникалық ақпаратты алуға және емдеуді уақтылы түзетуге мүмкіндік жасайды. Дәрігерлер алған барлық ақпарат емделушінің диагнозын жеңуге, қарсы тұруға. оның дамуын болдырмауға, сондай-ақ емдеу процесін бағалауға және бақылауға көмектеседі. Шымкент қаласының медицина қызметкерлері АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты таңбалау (стигма) мен кемсітушілікті азайту мақсатында ауқымды жұмыс атқаруда. Біз пациенттеріміздің АИТВ-ның диагностикасына, емдеуіне және алдын алуға қатысты құқықтарын қорғауды әрқашан көмектесеміз, — дейді бас дәрігер Б.Сырбек.

Антиретровирустық терапияны – АИТВ-мен ауыратын адамдардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді. Қабылданған шаралар жүкті әйелдерде АИТВ-ны дер кезінде анықтауға және көп жағдайда инфекцияның анадан балаға берілуіне жол бермеуге көмектеседі. Шымкентте бүгінге дейін АИТВ індетін жұқтырған әйелдерден дені сау 686 сәби дүниеге келген.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin