Шымкент: Асар-2 шағынауданының көшелері асфальтталуда

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес мегаполистің ішкі орам көшелерін жөндеуден өткізуге басымдық берілген. Осыған орай, шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, өз кезегінде жұмыстар жүйелі атқарылуда.
Бүгінгі күні Асар-2 шағын ауданы аумағындағы Күншоғыр көшелері орташа жөндеуден өтуде. Аталған шағын ауданның 4 көшесіне 2 қабат асфальт төселеді. Көшелердің жалпы ұзындығы — 1,2 шақырымды, ені 5 метрді қамтыса, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ені – 1,5 метрге жеткізілді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізілу жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Ал 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізілді. Оның ішінде: 2 нысан жолайрықтың құрылысы (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбекова) 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы (Қонаев 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік,Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыс жұмыстары), 5 нысанда қайта құру жұмыстары (А-2 2,4,7,8 кезеңдер, Адырбеков көшесі), 3 нысанда күрделі жөндеу (Ақжайық, қайтпас, Тассай «Алемтрансжол» шағын аудандарын және Қошқар-ата өзені арқылы өтетін 2 көпірді күрделі жөндеу).
Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 308 көшеге жүргізілді.
Жылдың ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылы 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысын және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарды аяқтау жоспарланған еді.
Күрделі жөндеуден 3 нысанның құрылысы да 2022 жылы аяқталды.
Орташа жөндеу жұмыстары бойынша барлық нысанда жұмыстар толық көлемде аяқталды. Оның ішінде магистралды 10 көше (Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, к. Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев) бар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.