Шымкент: Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,6 млрд.теңгеге артты

Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы  басқарма басшысы А.Қаныбеков қала әкімі М. Әйтеновке Басқарманың 2021 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.


Өз есебінде басқарма басшысы А.Қаныбеков ең алдымен саладағы жалпы көрсеткішке тоқталып өтті.

Айта кетсек, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 млрд.теңгеге артып, сәйкесінше 6,5 млрд. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі-105,5 пайызды құрап, оның ішінде егін шаруашылығы 1,1 млрд. теңгені, ал мал шаруашылығы 5,2 млрд. теңгені құрап отыр.

Салада 6,6 мың адам жұмыс жасап,

1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 0,9 млн. тг. құрап, өсімі 116 пайызға жетті.

Бұдан бөлек осы жылға агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға жергілікті және жоғары тұрған бюджеттерден 3,5 млрд.тг. субсидия бөлініп, оның ішінде есепті кезеңге қаралған 253,3 млн.тг. 100 пайызға игерілді.

Сонымен бірге, басқарма басшысы А.Қаныбеков өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстарға да тоқтала өтті.

Өсімдік шаруашылығы бойынша биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 2020 жылмен салыстырғанда 1,4 мың га артып, 29,3 мың гектарга егілетін болады. Нәтижесінде 71,7 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.