Бүгінде Еңбекші ауданда ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды.
Бүгінде аудандағы жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтсе, 2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қарауына жолданды. Бүгінгі таңда 200 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы мәлімдеді.
Бүгінгі күнге Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Еңбекші ауданында 728 көше, 1 саябақ, 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппаратымен жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, халықты спортқа баулу мақсатында да бірқатар істер атқарылған. 2023 жылы 7 спорт алаңшасы тұрғындардың пайдалануына тапсырылса, 2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. Мердігер мекемелермен келісім шарттар түзілуде. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «ВI Group» ЖШС-нің демеушілігімен Жібек жолы көшесінің бойынан қала тұрғындары мен қоңақтарына арналған қоғамдық кеңістік құрылуда.
– Аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады. 2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 17 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қалған абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда, – дейді аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы.
Бүгінде Еңбекші ауданы аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп 57 мекен-жай анықталған. Шымкент қаласының маслихат шешімімен ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан жүргізілуде.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.