Шымкент: Биыл Тұран ауданында 39 көшеге асфальт, 85 көшеге шағал тас төселеді

Шымкент қала әкімінің 2021-2025 жылдарға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Тұран ауданының инфрақұрылым, соның ішінде жол жөндеу жұмыстарына 8,4 млрд. теңге қаржы қаралған.

Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында ұзындығы 189 шақырымды құрайтын 126 көше асфальттанады.

Былтыр ауданда 19 шақырымды құрайтын 21 көше асфальтталып, 26 шақырымды құрайтын 36 көшеге шағал тас төселген.

Ал биылғы 2023 жылы 19,1 шақырымды құрайтын 31 көше асфальталады және 85 көшеге шағал тас төселеді деп күтілуде.

ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫ

Айшықты көшесі

АҚТАС ШАҒЫН АУДАНЫ

Ащыөзек көшесі

Атауы жоқ №4,5,7 көшелер

ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫ

Құлантөбе көшесі

Құрсай көшесі

Қосарал көшесі

Әулиекөл көшесі

Егізтөбе көшесі

Тұрбат көшесі

Өзкент көшесі

Тастыкөл көшесі

Атау жоқ көше

Сатқанбайұлы көшесі

Шеңбертал көшесі

Таңбалы көшесі

Ақөзек көшесі

К.Мамешов көшесінің тұйығы

Зайсан көшесі

Бекболатов көшесі

АГРОПРОМ ШАҒЫН АУДАНЫ

Ақбаян көшесі

Атауы жоқ көше

Алтынтөбе көшесі

ШАҒЫН АУДАНДАР БОЙЫНША

Айкөл т/а атауы жоқ №2, 3 көшелер

Агрофирма Қарасу ш/а Ақбастөбе көшесі

Агрофирма Қарасу ш/а Сарытау көшесінің жалғасы

Карл-Маркс ш/а Бадам көшесінің жалғасы

Жаңаталап т/а Айбар көшесі

Жаңаталап т/а Т. Айдарқұлов көшесі

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2021-2025 жылдарға бекітілген іс-шара жоспары аясында әр жыл сайын 200 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді.

2022 жылы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды 5 нысан пайдалануға берілді.

Атап айтқанда: — Қонаев даңғылының жалғасын салу, 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстары;Қ- А-2 автомобиль жолының 2 кезеңі бойынша сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізілді; — Самал-1,2,3 шағын ауданының магистралды және қалаішілік көшелеріне 12,2 шақырым жол салынды; — Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрығын салу жұмыстары жүргізілді; — Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолаушылар өткелінің құрылысы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.