
Шымкент — елімізде халық саны тығыз орналасқан қалалардың бірі. Сонымен қоса, ұлттық статистиканың мәліметінше, демографиялық өсім жағынан Шымкент мегаполистер арасында көш бастап тұр. Бұл әрине қуантарлық жайт. Осы тұста миллионды қала атанған шаһарда шешімін таппаған мәселелерінің басында көш бастап тұрған баспана жырына тоқталсақ. Жалпы тұрғын үй мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселе жалғыз Шымкентте емес, еліміздің басым бөлігінде десек артық айтпаған болар едік. Осы аталған мәселелерді шешу негізінде елімізде өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы қолға алынған болатын. Аталған жоба тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған. Яғни осы бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін нақты жоспарлар бекітіліп, кезең-кезеңімен шешімін табады деп күтілуде. 5 жылдық жоспар базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу және көлік байланысын қамтамасыз ету атты екі бағыттан тұрады.Ұлттық жобаның басым бағыты тұрғын үй саласына арналған. Осы орайда Шымкентте тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатыр. Шымкенттегі құрылысы баяқталып, пайдалануға берілетін үйлердің соңғы дайындықтары қалды.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Тұран-2 шағын ауданындағы құрылыс нысандарын аралаған соң, келесі локация Бозарық елдімекеніне бірқатар шолу жасады. Шағынауданда мемлекеттік бюджет есебінен 49 тұрғын үй бой көтерген. Алдағы уақытта аталған аумақта 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның даму жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарды қадағалап, мердігер мекемелердің жұмыс кестесін де назарға алды.
-График бекітілген, талап бар! Әкімдік тарапынан уақытылы қаражат жіберу жағы шешілген. Тек өздеріңіз қол қойған кестеге сай жұмыс істеу керек! – деген қала әкімі басқарма басшыларына тұрғындарды баспанамен қамту мақсатындағы жұмыстарды сапалы, әрі жұмыс кестесіне сәйкес аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында 72 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған еді. Бұл нысандар Тұран, Бозарық, шағынаудандарынан бой көтереді. Сондай-ақ, жастарға арналған 900 пәтерді нарықтан сатып алу көзделуде. Ағымдағы жылы қала аумағындағы 16 инженерлік-инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізіледі.
969395 98506I like this weblog its a master peace ! Glad I observed this on google . 965822
974392 61514There is numerous separate years Los angeles Weight reduction eating plan with each a person is actually a necessity. The pioneer part can be your original finding rid of belonging towards the extra pounds. la weight loss 688258
42480 120091Thank you, Ive just been searching for data about this subject for a whilst and yours may be the greatest Ive discovered till now. But, what in regards towards the conclusion? Are you certain concerning the supply? 178024
153238 794565I simply should let you know which you have written an outstanding and special article that I genuinely enjoyed reading. Im fascinated by how effectively you laid out your material and presented your views. Thank you. 4629