Шымкент: Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындар мәселесін шешу бойынша үздіктер қатарында

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мəжілісінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мəлімдеді.


– Бүгін Шымкент қаласына «Гам-Ковид-Вак» вакцинасының 1600 дозасы жеткізілді. Аталған екпе қалалық қан орталығында мұздатқыш камераларда сақталып, наурыздың 18-інен бастап қалалық емханаларға таратылады. Ал эпидемиологиялық жағдай туралы айтсам, өткен тәулікте 28, 15 наурыз күні 17 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Яғни, ахуал əр түрлі. Сол себепті қала тұрғындары санитарлық талаптарды қатаң сақтамаған жағдайда үшінші мегаполис «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» өтуі мүмкін, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Спикердің сөзінше, жыл басынан бері денсаулық сақтау саласы бойынша 200 мәселе қаралған. Ал «IKOMEK-109» бірыңғай call-орталығы іске қосылғаннан бастап 700 мәселе шешімін тапқан. Осыған орай аталған басқарма тұрғындардың сауалдарына дер кезінде жауап беру бойынша үздіктер қатарында тұр.

Еске салсақ, 1 ақпаннан бастап қалада 5 827 азаматқа коронавирусқа қарсы вакцинациялау жүргізілген. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер мен әр түрлі санаттағы мамандар бар.

Айта кетейік, екпе егу барысында ешбір жанама əсер болмаған.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.