Шымкент: Депутаттар ардагерлерді құттықтады

Қалада алапат соғысқа қатысқандардан 2 ардагер бар. Олардың бірі — Нина Егоровна Масунова. 100 жастағы майдангер әжей соғыс кезінде радист болған. Ал екінші майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасқан- Мұраталы Төлепберген ақсақал. Ол қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған. Мереке қарсаңында мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Төлепбергенұлы мен Н.Масунованың шаңырағында болып, мейраммен құттықтады.

Ардагерлерімізбен сұхбаттасып, ақ тілектерін білдіріп, қос ардагерге шапан жауып, лайықты сый-құрмет жасады. Майдангер қарттар өз кезегінде батасын беріп, бейбіт күніміз, берекелі тыныштығымыз мәңгі болсын деген тілегін айтты. Ардагерлер ауласын театр әртістері майданда жауынгерлерге рух берген әндерді орындап, естелікке толтырды.

Ардагерлердің зұлмат соғыс жылдарындағы Отан қорғаудағы ерліктері, ұрыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруге қосқан зор үлестері мәңгілік есімізде сақталады. Азаттық жолындағы қаһармандығы мен батылдығы өскелең ұрпаққа үлгі, зор мақтаныш,– деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.

Ардагерлер мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, батасын берді. Аспанымыз ашық болып, елімізді одан әрі өркендетуге ақ жол тіледі.

Тілге тиек етейкі, Елімізде 174 ҰОС ардагері қалған екен.
Астана – 7, Алматы – 44, Шымкент – 2, Ақмола облысы – 6, Алматы облысы – 14,
Абай облысы – 4, Ақтөбе облысы – 1, ШҚО – 14, Жамбыл облысы- 10, Жетісу облысы — 4, БҚО- 13, Қарағанды облысы – 11, Қостанай облысы – 16, Қызылорда облысы – 4, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 7, СҚО – 4, Түркістан облысы – 11,
Атырау мен Ұлытау облыстарында ҰОС ардагерлері қалмаға.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin