
Жол жөндеу жұмыстарының барысында бірінші кезекте сапасы сала мамандарының жіті қадағалауында болу қажет.
Сонымен қатар, техникалық қадағалаушылар тарапынан орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуі тиіс. Мұндай тапсырманы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті рет Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесі қиылысындағы жол айрығы құрылысының барысын тексеру барысында айтты.
Бүгінге дейін, 3,74 шақырым су, газ құбырлары мен 4 шақырым электр сымдарының орны ауыстырылып, 7 дана бағана орнатылды. Сонымен қатар, 320 метр жер асты өткелі қазылса, 260 метр тіреу қабырғалары мен 110 дана қада құю жұмысы аяқталған. Жер асты өткелінің ішкі қабырғаларын гранит тақтайшалармен қаптау жоспарлануда.
Қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысын барып көрді. Нысанның жалпы ұзындығы 580 метр. Көшенің ені 42 метр, 6 жолақты. Қазіргі таңда, жол жамылғысымен бірге 400 метр жұмыс аяқталған. Көше құрылысы үшін жеке меншік үйлерді мемлекет иелігіне алғаннан кейін қалған бөлігін құру жұмысы жүргізіледі.
Құрылыстың І кезеңін аяқтау осы жылдың маусым айына жоспарланып отыр. Ал нысанның ІІ кезеңінің құрылыс жұмыстарын бастау үшін, яғни, «Магнолия» дүкенінен Терешкова көшесіне дейінгі аралықта жеке меншік үйлерді мемлекет иелігіне алғаннан кейін басталатын болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
910364 952054quite great publish, i actually adore this internet site, carry on it 602538
300481 910286What cell telephone browser is this internet site page optimized for Internet explorer? 976660
542395 117431I cant say that I completely agree, but then once again Ive never actually thought of it quite like that before. Thanks for giving me something to think about when Im supposed to have an empty mind while trying to fall asleep tonight lol.. 95918