
Шымкентте жыл басынан бері еңбек инспекциясына азаматтардан 490 өтініш түскен. Нәтижесінде 98 құқық бұзушылық анықталып, жалпы көлемі 5,1 млн. теңге айыппұл салынған. Оның ішінде 2,8 млн.теңге көлеміндегі 17 айыппұл өндірілген. Бұл жөнінде бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баяндады.
Сонымен қатар еңбек инспекторларымен 34 кәсіпорындағы 935 жұмыскердің 451,6 млн берешек жалақысы өтелген.
– Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда Шымкентте 18 кәсіпорыны «Халықтық бақылау» жобасын енгізді. Сондай-ақ, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұжырымдамаға 70 кәсіпорын қосылды. Дегенмен, өндіріс болғасын, жазатайым оқиғалар орын алады. Жыл басынан бері қала аумағында 10 жазатайым оқиға орын алып, 12 адам зардап шекті. Өкінішке орай, 3 жұмыскер қайтыс болды, 8 жұмыскер ауыр жарақат алған. Тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды, – дейді Бауыржан Ахметәліұлы.
Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Осыған байланысты өңіріміздегі 4 кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылған. Ал сақтандыру мәселесі бойынша Шымкент қаласындағы 7558 компанияның 2538-і ғана сақтандыру келісімшарттарын жасаған.
Мекеме басшысының айтуынша, жылдың соңына дейін электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлік субъектілер 100 пайыз тіркелуі тиіс. Әзірге бұл көрсеткіш 32 пайызды құрап отыр.
496157 820331The best and clear News is extremely considerably imptortant to us. 893373
488937 356801hello I was extremely impressed with the setup you used with this website. I use blogs my self so excellent job. definatly adding to bookmarks. 526051
481387 368430Wow, awesome weblog structure! How long have you been running a blog for? you made blogging look straightforward. The total look of your internet site is wonderful, let alone the content material! 232110