Шымкент: Жастарды жұмыспен қамту мақсатында үш жақты меморандум түзілді

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты аясында азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қалалық тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Asia Trafo» трансформаторлық зауыты өзара бірлескен меморандумға қол қойды.


«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен өткен кездесуде тараптар жастар арасындағы техникалық мамандық иелерін «Жастар» практикасы бағыты бойынша мемлекет есебінен ақылы және әлеуметтік жұмыс орындарына тартуға қызығушылық танытып, келіссөз жүргізді.

– Жастарды жұмыспен қамту, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту үшін барлық шараларды қолға алу жоспарланып отыр. Осы орайда, бүгінгі өзара келісім «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту шараларына тартуға бағытталған, – дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры С.Абдуллаев.

Айта кетсек, «Asia Trafo — «Alageum Electric» компаниясы қазақстандық холдинг құрамына кіретін трансформаторлық жабдық өндіретін ең ірі зауыттардың бірі.

Жалпы жыл басынан бері 9 мыңнан астам Шымкент қаласының азаматтары жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 175 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, «Жастар практикасы» арқылы 900-ге жуық жас түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. You’re in point of fact a excellent webmaster. This site loading velocity is incredible.
    It kind of feels that you’re doing any unique trick. Furthermore, the contents are
    masterwork. you have performed a excellent process in this topic!
    Similar here: najlepszy sklep and also
    here: Tani sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.