Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қаржылық пирамидалармен күрес нәтижелері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда департаменттің негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қала аумағында қаржы пирамидаларымен күрес, олардың алдын алу, қылмыстарды анықтау және тергеу болып табылатыны айталды.
Қазіргі интернет дамыған заманда әртүрлі заңсыз сайттар және парақшалар пайда болуда, әлеуметтік желілерде заңсыз қызметтер орын алуда, пирамида және лудомания жарнамалары көп кездесуде.
Бұл бағытта департамент Агенттікпен Цифрлық даму, инновациялар министрлігімен бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижесінде, заңсыз веб-сайттарды және парақшаларды бұғаттау мүмкіндігі берілген (заңсыз ойын бизнесі және қаржылық пирамида саласында).
Бұл мүмкіндік «Кибернадзор» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Осы жұмыс нәтижесінде жыл басынан 450-ден астам қаржылық пирамида жарнамалайтын веб-сайттар және әлеуметтік желілердегі парақшалар бұғатталып, ватсап және телеграмм жүйелеріндеі 10 топ (группа) жабылған.
Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.
Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің басшысы Қайшыбеков Бақыт Сапарғалиұлының айтуынша:
— қала аумағында Ішкі саясат басқармасы арқылы қаржы пирамида бойынша билборд санын арттыру;
— Дін істері басқармасы арқылы лудомания, қаржылық пирамида, алкоголь өнімдерінің зияны туралы мешіттерде халық назарына үнемі жеткізу;
— білім басқармасы арқылы қаржылық сауаттылық бойынша мектеп оқушылары арасында олимпиада өткізіп, жүлделі орын алған оқушыларды ынталандыру;
— өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Байқа пирамида», АФМ инсайдер телеграм боттарының мүмкіндіктерін халыққа жеткізу және түсіндіру жайлы жоспар, ұсыныстарын айтып өтті.
Сондай ақ сөз соңында алдағы уақыттада қаламыздың дамуына және өркендеуіне барлығымыз жұмыла үлес қосуға шақырды.