Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту – алға қойылған маңызды міндеттің бірі. Бұл бағытта 2021 жылдан бастап 233 көп пәтерлі тұрғын үйге сейсмонығайту мақсатында техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде сейсмонығайтуды қажет ететін 68 үй, апатты жағдайда — 67 үй, тұрақты жағдайда – 98 үй анықталған.
Жүргізілген техникалық сараптама бойынша 6 үйге жобалау-сметалық құжат әзірленіп, 1 үйдің (Уәлиханов №231) сейсмонығайту жұмыстарын өткізуге мемлекеттік сатып алу өткізілуде. Мангельдин №33, №36 және Иляев №7 тұрғын үйлеріне сейсмонығайту жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжат әзірлеуге бюджетке өтінім әзірленуде.
Қазір басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көп қабатты кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер бар. Биылғы жылдың 10 айында 10 382 пәтерден 388 кемшілік анықталып, оның 365-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 23 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Биыл басқарма тарапынан келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 11,5 млн айыппұл салынып өндірілді. Ал бір мердігер мекеме мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды.
Жалпы биыл Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан 163,07 млрд теңгеге 114 жоба немесе 146 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 111 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 35 нысанның құрылысын келесі жылы аяқтау көзделген.
Нақты айтқанда, 96 көп қабатты тұрғын үйдің 66-сы тапсырылады, яғни 5046 пәтердің 2 670 пәтері беріледі. Оның кредиттік пәтер — 64, арендалық -2.
Биылғы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр) 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
Ал 187,8 мың шаршы метр құрайтын 2376 пәтерлі 30 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-9 үй, Бозарық ш/а – 5 үй, Тұран 23 орам – 16 үй) құрылысы 2025 жылы аяқталады.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 38,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған.
Бүгінгі күні 1180 пәтер сатып алынды. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 604, халықтың әлеуметтік осал топтарына 576 пәтер сатып алынды.
Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.
«ANYQ.KZ-ақпарат»