
Шымкентте жұмысын іске қосқан кәсіпкерлік нысандар қатаң талаптарды сақтауға міндеттеледі.
Шымкент: Жұмысын қайта іске қосқан кәсіпкерлік нысандар үшін маңызды талаптар:
— Өткір респираторлық жұқпалы аурулар белгілері бар (жоғары температура, жөтел, тұмау) ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖҰМЫСҚА ШЫҒАРМАУ ҚАЖЕТ
— Бөлмелерді жүйелі түрде желдете отырып, ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС
— Қолды өңдеу үшін САНИТАЙЗЕРЛЕР ОРНАТЫЛУЫ ТИІС
— Қызметкерлер мен келушілер МАСКАЛЫҚ РЕЖИМДІ САҚТАУЫ ТИІС
— Мекеме ішінде және аумағында АДАМДАРДЫҢ БІР МЕЗЕТТЕ ЖИНАЛУЫН БОЛДЫРМАУ
— Қолды жиі жуу және антисептикалық препараттармен өңдей отырып ГИГИЕНА ШАРАЛАРЫН САҚТАУ
— Мекеме ішінде бір мезгілде 5-тен АСТАМ КЕЛУШІ БОЛМАУЫ ТИІС (жұмысшылар арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы тиіс)
— Төлемді қолма-қол ақшадан тыс ОНЛАЙН ТӘСІЛМЕН ДЕ ҚАБЫЛДАЙТЫН МҮМКІНДІК БОЛУЫ ТИІС
— Адамдардың жиналуын болдырмау үшін АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ БОЙЫНША қызмет көрсетілуі тиіс
Егер қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда айыппұл салынатынын ескертеміз.
Егер қауіпсіздік талаптарының бұзылуына куә болсаңыз, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-иннновациялық даму басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасына жолдауларыңызға болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.