Шымкент: Коронавируспен күрескен медицина мамандары марапатталды

Шымкентте коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен медициналық қызметкерлер марапатқа ие болды.


Оларға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табысталды. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нурлыбаев, аурухана орынбасары Мұрат Ағабаев және Мейрамбек Кудияровты “Денсаулық сақтау саласының үздігі” төс белгісімен марапаттады.

Сондай-ақ “Денсаулық сақтау саласының үздігі” төсбелгісі «№ 3 қалалық емханасының бас дәрігері Омар Ақмарал, жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері Темирбеков Ғабидин және жедел жәрдем станция орталығының қызметкері Оспанова Шолпанға берілді. Ал “Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін” төс белгісімен Бейсеуов Махамбет, Сейдалина Жібек, Оспанова Сара, Қаламқызы Гульнар, Миятбекқызы Райхан марапатталды.

Айта кетейік, Шымкен қаласында бүгінге дейін короновирус індетін жұқтырған 1277 адам тіркелген. Оның 554-і емделіп, үйлеріне жіберілді. Бұл әрине, дәрігерлердің кәсібилігі мен біліктілігінің нәтижесі. COVID-19-бен күресуге қала бойынша 2764 медицина маманы жұмылдырылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. 587204 455061Visiting begin a business venture around the internet normally indicates exposing your products or services moreover provider not only to some individuals inside your town, but but to a lot of future prospects who could be more than the web numerous times. effortless internet business 605191

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.