Шымкент: Креативті индустрияны дамыту және қолдау мақсатында ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды

Шымкент қаласында креативті индустрияны дамыту және қолдау мақсатында ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл шара — қала әкімдігінің бастамасымен өткізіліп, ұлттық қолөнердің ежелгі түрлерін сақтау, талантты шеберлерді қолдау және шығармашылық саланы өркендетуге бағытталды.

Жәрмеңкеге қаладағы 14 креативті индустрия өкілі қатысып, тұрғындар мен қонақтарға зергерлік бұйымдар, киіз, тоқыма, былғары және басқа да қолөнер өнімдерін ұсынды.

Шараның басты мақсаты – шығармашылық кәсіпкерлердің өнімдерін нарыққа шығарып, монетизациялауға қолдау көрсету, Шымкент қаласының бірегей креативті өнімдерін қалыптастыру және дәстүрлі қолөнерді дәріптеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Шымкенттің қолөнершілері мен өнерпаздарына жаңа мүмкіндіктер ашатын бұл бастама қаладағы креативті индустрияның дамуына тың серпін бермек.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin