Шымкент: Көпқабатты үйлер маңы күнделікті залалсыздандырылуда

Шымкентте көпқабатты үйлер маңы күнделікті залалсыздандырылуда,-деп хабарлайды Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.


Әл-Фараби ауданында дезинфекция жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда. Аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар болса, олардың әрқайсысы кезең-кезеңімен пандемияға қарсы дәріленіп жатыр.

Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары және кіреберістері мен басты көшелерге сенбі, жексенбі күндері де дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада 76 бағыт бойынша 1047 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында әр айналым сайын және таңертен және кешкі уақытта автобаза аумағында дезинфекциялау жұмысы тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары тарапынан тұрғындарға бетперде тағу жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.