Шымкент: Майра Мұхамеджанқызы өз ұжымымен коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бүгін Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы Майра Мұхамедқызы өз ұжымымен бірге коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

— Вакцина қабылдағаннан кейін, менде ешқандай асқыну болған жоқ. Қазір жағдайым жақсы. Алдағы уақытта да өзімнің вакцинадан кейінгі жағдайыммен бөлісіп отырамын. Әлемді жайлаған індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина екенін білемін. Оған өзім де бір кісідей атсалыстым. Сондықтан, салдырсам ба, салдырмасам ба деп ойланып жүрген адамдарды вакцина салуға шақырамын, — деді Майра Мұхамедқызы.

Айта кетейік, театр ғимаратындағы жылжымалы егу пунктінде медицина мамандары 19, 20 сәуір күндері вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Театр қызметкерлерінен бөлек ерікті түрде кез келген қала тұрғындары осында келіп, вакцина салдырса болады.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны басталғалы бері Шымкентте 63 мың 97 адам вакцинацияланды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.