“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен “Денсаулық бұрышы” акциясы өтуде.
Шара барысында қалалық емханалардың бейінді мамандары сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуде. Акция алғашқы күні “Студенттік емхана” дәрігерлерінің ОӘД сауда орталығында қабылдауымен басталды. Хирург, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді.
“Денсаулық бұрышы” акциясы алдағы уақытта қаладағы бірқатар сауда орталықтарында жалғасатын болады.
Жалпы, МӘМС жүйесі төменде көрсетілген медициналық қызметтерді қамтиды:
* профилактикалық медициналық тексерулер;
* учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
* созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
* уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
* халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
* диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
* мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
* медициналық оңалту;
* стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Шара барысында сондай-ақ Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесі туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, қор филиалының мамандары сауда орталықтары мен саябақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері МӘМС жүйесінің маңыздылығы туралы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Халықты ақпараттандыру және арыз-шағымдарды қарау бөлімінің басшысы Ахмет Беден бастаған белсенді тобы «ОӘД», «Север», «Бекжан» сауда орталықтары мен Бәйдібек би саябағы және «Арбат» алаңында тұрғындар арасында ақпараттық үлестірме материалдарын таратып, кеңес берді.
Мамандар түсіндірме жұмыстары барысында сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек алу мәселесіне байланысты бағыт-бағдар берді.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша сақтандырылған халық саны 925 873 азамат. Яғни халықтың 80 пайызға жуығы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 729 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 311 мыңға жуық.
«ANYQ.KZ-ақпарат»