Келесі жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы президент Қазақстан халқына жолдауында айтты.
Осы орайда Шымкент қаласы бойынша барлық медициналық ұйымдарда «Әлеуметтік әмиян» арқылы рецепт алуды жүзеге асыру мақсатында, жауапты маман EGOV қосымшасында азаматтарды тіркеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласының 55 медициналық ұйымында «Әлеуметтік әмиян» жобасы шеңберінде қағаз рецептермен қатар, QR-код арқылы жеңілдетілген тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.
Жобаны іске асыру мақсатында қаланың 55 медициналық ұйымдары өз қаражаты есебінен 2D-сканерді сатып алды.
Шымкент қаласы бойынша «Әлеуметтік әмиян» жобасының шеңберінде 26 504 рецепт қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасы бойынша үлесі 87 % құрады.Сонымен қатар, EGOV қосымшасын қолданбайтын науқастардың тізбесі қалыптастырылып, EGOV (1414) СМС-коды арқылы дәрілік заттармен қамтамасыз етілуде.
Әлеуметтік әмиян банктік төлем құралы ретінде барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Бірінші кезекте, пайдаланушы тарапынан екі факторлы аутентификация жүргізіледі. Дербес деректердің қорғалуы сақтау, өңдеу деңгейінде қамтамасыз етіледі. Екінші деңгейдегі банктер мен электрондық төлем жүйелеріне қойылатын қолданыстағы барлық талаптар әлеуметтік әмиянмен қамтамасыз етіледі.
Әмияннан сіз онлайн режимінде төлем жасай аласыз (мысалы, коммуналдық қызметтер, телефон және т.б. үшін) немесе оны банк картасына байлап, картаны пайдалана аласыз. Азамат әлеуметтік әмиянды, оның ішінде қолма-қол ақшаны пайдалану кезінде ешқандай кедергілерді сезінбейді.
«Әлеуметтік әмиян» жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актісімен бекітілмегендіктен, медициналық ұйымдарда рецептерді қағаз жүзінде қатар босату жалғасуда.