Шымкент: Медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыру әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бақылауында

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында медициналық ұйымдарды қаржыландыру барысы туралы есеп берді.
Бүгінде еліміз бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы 1 трлн 272 млрд теңге төленді.Қазір 2024 жылы көрсетілген медициналық қызметтерге төлемдер жүргізілуде. 18 шілдедегі жағдай бойынша 1 851 медициналық ұйымға биылғы қаңтар-наурыз және ішінара сәуір айлары үшін актілерге 1 трлн 167 млрд теңге төленді.
Шымкент қаласы бойынша Қормен келісім-шарт аясында қызмет көрсетіп жатқан 189 медициналық ұйымға бірінші тоқсан мен ішінара сәуір айлары үшін актілерге 32,5 млрд теңге төленген. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы 33,2 млрд теңге қаржыны құрайды.
«Шілденің соңына дейін сәуір айына төлем жасауды аяқтап, мамыр айына актілерге төлем жасауға көшу жоспарлануда. Қаржыландыру кезеңдері қазақстандықтардың медициналық көмек алуына кедергі келтірмеді және кедергі етпеуі тиіс екенін атап өткім келеді», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Сонымен бірге Қор медицина қауымдастығын шарт аясында бөлінген қаражатты ұтымды пайдаланып, сондай-ақ қазақстандықтарға медициналық көмек көрсетуден бас тартпауға шақырды. Жалпы алғанда жағдай Қордың бақылауында және медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin