
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры А.Амангельдиева, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті басшылығы мен «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы ассамблеясы» ұйымдастыруымен «Шымкент: Мыңжылдықтар тарихы және қазіргі заман» атты рухани жаңғыру апталық форумы өтті.
Форум шеңберінде «Шымкент тарихы және ХХІ ғасырдағы даму көкжиегі» ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.Конференция барысында түрлі баяндамалар тыңдалды.
Баяндаманың бірінде қалалық архивінің даму жолдары мен мен өзекті мәселелерін, Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» және «Архив-2025» бағдарламаларында көрсетілгендей, рухани жаңғыру тақырыбы – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық рухымызды, халқымыздың игі қасиеттерін болашақ ұрпаққа жеткізуге бағыттайтын тарихтың жаңа беттерін ашатын жоба екендігін, архивтің «Архив-2025» жобасын іске асыру мақсатындағы 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарын атап өтті.
Конференцияға Қожамжарова Дария Пернешқызы — «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің» Басқарма Төрағасы – ректоры, өңіріміздегі университеттерінің тарих ғылымдарының докторлары, тарих ғылымдарының кандидаттары, Түркия университеті — Гази университетінің профессоры, шетел және жергілікті компанияларының басшылары, аға оқытушылар мен магистрлар қатысты.
«ANYQ.KZ» — ақпарат