8 000 қазақстандық «Отау» бағдарламасына қатысатыны жайлы қуанышты хабарлама алды. Бағдарламаға қатысуға өтініш берген барлық 25 000 банк клиенттерінің аттарын кесте түрінде сайттарда жариялады. Олардың ішінде жеткілікті ұпай жинап, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алған 8000 жеңімпаздың есімдері бар.
Қазір «Отау» бағдарламасынан өтпегендер «Наурыз» бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады. Онда мүмкіндік көбірек болмақ, себебі біз 12000 заем беруді жоспарлап отырмыз. Қатысушыларды дүрліктірмеу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі барынша ұзартылды. Үміткерлердің маусым айының соңына дейін бір жарым ай уақыты бар. Сондай-ақ өтінім беру күні мен уақыты ұпай санағанда ескерілмейтін болады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін саралау басталады. Бағдарламаға қатысушылар тізіміне ең көп ұпай жинаған үміткерлер кіретін болады.
«Отау» бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылды. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдаған.
«Отау» бағдарламасы – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін баспана сатып алудың қосымша құралы. Ол қазақстандықтар арасында үнемдеу мәдениетін нығайтуға әрі арттыруға арналған. Себебі, ең үнемшіл салымшылардың төмен пайыздық мөлшерлеме бойынша несие алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінде салым жинақтау бірнеше жылдан кейін несие бойынша мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік Отбасы банк клиенттеріне «несиеден шаршауды» болдырмауға көмектеседі.
«Отау» бағдарламасы жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жыл сайын заемдардың жартысынан астамы 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарға кредит беруге бөлінетінін білдіреді. Жыл сайын біз қаржыландыруға 150 млрд теңге бағытталады. Бұл ақша Отбасы банктің өз қаражаты есебінен бөлінетін болады.»Отау» бағдарламасы 7 жылға есептелген. Осы кезеңде біз 50 мың азаматтың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі.