Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақында мармелад өндірісінің жаңа желісін іске қосқан «Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Онда Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, фабриканың қала өнеркәсібін дамытуда айрықша үлесі бар екенін атап өтті.
Жаңа желінің ашылуы өткен жылдың сәуір айында қол қойылған Шымкент қаласы әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасындағы серіктестік меморандумы нәтижесінде іске асырылған.
Бұл жоба барысында Қазақстандағы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуетіне 1,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қоса, жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 миллион теңге субсидия төленген. Жаңа желінің ашылуының арқасында 80 азамат жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл фабрика бір сағат ішінде 1 тонна, бір жылда 3,5 мың тонна мармелад шығаратын болады.
Фабрика заманауи құралдармен жабдықталған. Бүгінде 30 аталым бойынша 6 өнімнің түрі өндіріледі. 2019 жылғы көрсеткіш бойынша фабрикада 20 мың тонна өнім шығарылған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
You’re in point of fact a just right webmaster.
This website loading velocity is amazing.
It kind of feels that you’re doing any unique trick.
Also, the contents are masterwork. you have done a great task on this matter!
Similar here: najtańszy sklep and also here: Dobry sklep