
Шымкентте «Балаларға базарлық» акциясы аясында тегін кітаптар таратылды.
Бұл шара «Қайырымды істер марафон» жобасы аясында қолға алынды. Қаладағы 4 ауданның 100 отбасының балаларына кітаптар мен жеміс-жидек себеті үлестірілді.
Акция Балалар әдебиеті жылында «Кітап оқуға құштар ұлт» жобасын сапалы іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұл-қыздарды кітап оқуға баулу, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту. Бүгін сыйлыққа кітап алған балалар алдағы уақытта «Мен оқыған кітап» байқауларына қатысып, пікір алмасады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Шымкентте өткен республикалық “Кітап фестиваліне” келушілер кітап сатып алуға мүмкіндігі жоқ балалар үшін арнайы сандыққа ең құнды сыйлық — әдеби және танымдық кітаптар жинаған болатын. Жиналған кітаптар кішкентай оқырмандарына жол тартқан еді. Бүгінгі бұл іс-шара – сол ізгі бастаманың жалғасы.
Аталған қайырымды істі жалғастыруға Шымкент қалалық Мәслихатының депутаттары, кәсіпкерлер, көп балалы аналар демеушілік көрсеткен. Атап айтсақ, олар – Рәшкүл Оспанәлиева, Айжан Найымбекова және жас депутат Наргииза Керімбаева мен республикалық “Шұғыла кітап” баспа үйі. Оған қоса, балаларға базарлықты үлестіруге ерікті жастар да атсалысты.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
236115 414109If your real friends know you as your nickname, use that nickname as your first name online. When you initial friend someone, focus on creating a personal comment that weaves connection. 976590
560357 43120Hi there! I just wanted to ask if you ever have any problems with hackers? My last blog (wordpress) was hacked and I ended up losing months of hard work due to no back up. Do you have any methods to prevent hackers? 717001
881973 397070Very clean web site , thanks for this post. 200786
727361 450739TeenVogue? Looking for fashion advice, celebrity buzz or beauty trends? Discover it all in Teen Vogue 623134