Шымкент: «Сайрам-су» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары аяқталды

Шымкент: «Сайрам-су» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимін алып тастау жөніндегі бұйрыққа қол қойды.

2020 жылдың 9 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің шешімімен Сайрам және Базарқақпа тұрғын алаптарында «Сайрам-су» өзенінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді. «Сайрам-су» өзенінің жағалауын су шайып кету салдарын шектеу және жою қажеттілігіне байланысты осындай шешім қабылданған.

Қала әкімдігінің төтенше резервінен «Сайрам-су» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына қаржы қарастырылды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгінде жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды.

«Сайрам-су» өзенінде қауіптің болмауына байланысты қала әкімі аппаратымен жарияланған төтенше жағдайды жабу туралы шешім дайындалдып, ҚР Әділет министрлігіне жолданды. Жобаны талқылау нормативтік-құқықтық актілер порталында 31 мамырға дейін өтеді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.